Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тоқтамайды

Еліміздің  демократиялық, зайырлы, құқықтық  және  әлеуметтік  мемлекеттік  ретінде  орнықтыру  жолындағы ең басты қауіп-қатерлерінің  бірі сыбайлас  жемқорлық екені  барлығына  белгілі. Тәуелсіз еліміздің  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес-мемлекеттік саясаттың  негізгі  бағыттарының бірі  ретінде айқындалған. Осыған байланысты  елімізде  көптеген  жұмыстар атқарылуда.

Құқық қорғау органдарына  тиісті қадағалаудың  басымды  бағыттарының  бірі  ҚР-ның «Сыбайлас  жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының  нақты  бірыңғай  қолданылуы  болып  табылады.
Қазақстан  Республикасы  «Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы күрес туралы» Заңының  мүлтіксіз қолданылуын  қамтамасыз ету мақсатында  тынбай күрес жүргізіліп келеді.
Күнделікті  өмірде, сыбайлас жемқорлық  туралы   айтқан  кезде міндетті   түрде  мемлекеттік  қызметкер еске  түседі. Алайда,  жеке  секторда да сыбайлас  жемқорлықпен  байланысты  қылмыстардың  ауқымы  аз емес.
Осы тұста  айта  кететін  мәселе, ол тұрғындардың  сыбайлас жемқорлыққа  қарсы күрес туралы сауатының  кемшін  түсіп жатуы. Сыбайлас жемқорлық сияқты  ауыр қатерді тек мемлекеттік және құқық қорғау органдарының күш-жігерімен ғана емес, азаматтық қоғам институттарымен бірлесіп жеңуге  болады.
Және де, бұл қылмыспен  тек қана құқық  қорғау органдары емес, қазір халықтық демократиялық  партия «Нұр Отанның» өкілдері, басқа да  қоғамның  белсенді мүшелері  ашық  күрес жүргізіп, қоғамымыздың  өркениетті  дамуына кері әсерін тигізетін  зауал  ретінде  қарап, осы қылмыстың  алдын-алу да  түрлі   шаралар  жүргізіп  жатқандығын  еске сала  кеткім келеді.

Қанат АДИЛОВ,
ОҚО кәмелетке толмағандардың  істері  жөніндегі  мамандан-дырылған  ауданаралық  сотының  сот  приставы.