ЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЖАҚСАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Бүгінгі таңда Шымкент қаласында көше-жол желісін жаңғырту бағытында жоспарлы жөндеу жұмыстары жалғасуда. Атап айтқанда, ұзындығы 1,1 шақырымды құрайтын Сасбұқаев көшесі (Жандосов көшесінен Жібек жолы көшесіне дейінгі аралық) орташа жөндеуден өтті.
Қазіргі уақытта Қазиев көшесінің жалғасын салу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жоба Арғынбеков көшесінен Төлеметов көшесіне дейінгі учаскені қамтиды. Аталған көше төрт жолақты етіп салынуда. Бұл өз кезегінде қаладағы көлік қозғалысын едәуір оңтайландырып, әсіресе Арғынбеков көшесіндегі көлік жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, жол-көлік қозғалысының қауіпсіздігін арттыру мақсатында жол таңбаларын жаңарту жұмыстары да қатар атқарылуда.
Осыған байланысты, Шымкент қаласының әкімдігі тұрғындар мен қала қонақтарын жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Сонымен бірге, жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды өтінеді.