Әсерлі өткен апталық

247
0

Жуырда  Қазақстан  Республикасындағы  білім  берудің  2011-2020 жылдарға  арналған  мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Шымкент қаласындағы №72 жалпы орта мектепте  «Кітап-өлшеусіз  қазына, өрісі   кең әлем!» атты танымдық  -тағылымдық  мәні  терең апталық  болып  өтті. Аталмыш  мәдени іс-шараның қорытынды жиынын мектеп кітапханашысы  Қалипа  Әлімбекова  кіріспе  сөз сөйлеп ашып  берді. Ол сөзінде
Қазақстан  Республикасындағы  білім берудің  2011-2020 жылдарға  арналған  мемлекеттік   бағдарламасына   сәйкес, мектептегі  10 «В», 8 «Ә», 8 «Б» сынып оқушыларының   жетекшілері  Ахметова  Камшат, Нарбек Клараның ұйымдастыруымен  «Кітап -өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем» атты   іс-шара өткізілу барысына әділ қазылық жасауға, әділ баға беруге шақырады.

 Қайтпас-1  елді  мекенінің  тұрғыны, ұстаздық қызмет атқарған, белгілі  жазушы, бірнеше  кітаптың   авторы  Бегалы Абдуалиев  апталықтың қонағы  ретінде  қатысты.
«Елбасы   Жолдауы- басты бағдар» атты шығармашылық  байқауы өтіп. 10 «В» сынып  оқушысы  Н.Аршаеваның, 10 « Ә» сынып оқушысы Ұ.Хайдарованың,   жазған  шығармалары үздік болып  танылды.
Осы  күні « Кітап- халық қазынасы»   тақырыбында  « дөңгелек үстел»  өткізіліп, тақырып аясында  оқушылардың  өздері  сүйіп оқитын ақын-жазушылардың  шығармаларынан үзінділер келтірілді.Оқушылар  бір-біріне  сұрақтар  қою арқылы  пікірталас  өрбітіп, қазіргі таңдағы  әлеуметтік  мәселелер   жөнінде  ой қозғады. Кітапты  күтіп ұстау  және  оны  бағалай  білуі  керектігі   туралы  да ой-пікірлері қамтылды.
Ақын-жазушылармен кездескен соң ұйымдастырушылардың  атсалысуымен кітап  көрмесі  дайындалды.
8 «Ә» сынып  оқушысы  Расул Оралбек өлең оқыды.
— Мектеп директорының  оқу және  тәрбие  ісі  жөніндегі  орынбасары  Эльмира  Қантаева  апталық  кешті   ұйымдастырушыларға,  жүргізушілер мен   орындаушыларға  және  жазушы  Бегалы  Абдуалиев  ағамызға  шынайы   алғысын айтып, апталық әсері  мен   тағлым алар  тұстары  көп екендігіне  тоқталды.

Асқат СҰЛТАНОВ.