«БІЗ — ДАРЫНДЫЛАРДЫ ДАЯРЛАЙМЫЗ»

334
0

Мектепте оқу-тәрбие жұмысындағы әдіс-тәсілдердің қай-қайсысы болсын, оқушылардың сана-сезімін, ақыл-ойын дамытуды мақсат ететін болғандықтан, олардың дара ерекшеліктерін жете біліп, санасып отырудың айрықша маңызы бар. Осы бағытта мұғалімдер дарынды оқушылардың қабілеттерін ұштауға, білімін жоғарылатуға, түрлі байқауларға қатыстырып, қабілетін көрсетуге тырысады. Өткен оқу жылының соңында «Менің бақытты балалығым» тақырыбындағы «Асфальттегі сурет» байқауына белсене қатысып, өз шеберлігін көрсеткені үшін мектебіміздің 9 «Г» сынып оқушысы Садыбекова Назгүл және 5 «А» сынып оқушысы Аймырза Асел 2 орынды иеленді. (Жетекшісі Т.Б.Леденева).
«Қала күні»» мерекесіне орайластырылған «Менің қалам – Мен үшін» атты шығарма байқауының «Жас қаламгер» номинациясына қатысқан 9 «Г» сынып оқушысы Әділкерей Динара дипломмен марапатталды. (Жетекшісі Өтепбекова О.М.) Республикалық «Ақ бота» интеллектуалдық марафонға мектептен 35 оқушы қатысып, оның 9-ы жүлделі орынға ие болды..
Парижде өткен дүниежүзілік математикалық жарыста 8 «А» сынып оқушысы Таласбай Қымбат 3-орынды иеленіп, дипломмен марапатталды.
Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде өткізілген қалалық физика пәні бойынша мектепаралық «Киіз үй физикасы» атты техникалық  шығармашылық байқауына белсене қатысқаны үшін 11 сынып оқушысы Арысбай Меруерт мадақтамамен марапатталды. (Жетекшісі О.Б.Завацкая.)
«Оралхан Бөкей оқуларынан» 7 «В» сынып оқушысы Маханбет Бауыржан 3-орынмен марапатталды.(Жетекшісі: Назарова Ж.Т.)
«Әнімді  саған  арнадым, сүйікті  менің —  Шымқалам» үздік  ән  байқауында «Әртістік шеберлігі  үшін » номинациясы  бойынша  Түймебайқызы  Ұлдана  қала   әкімінің  дипломымен  марапатталды.
Мектебіміздің  командасы  ЖИТС  — ке  қарсы  күресудің  Дүниежүзілік  күніне  арнап «ОҚО білім  беру   жүиесіндегі  АИТВ –ге шалдыққан  балалар мен  жасөспірімдердің  болашағына  ізетті көзқарас  қалыптастыру»   тақырыбында  өткізілген  көркем  шығармашылық  акцияда  3-ші орын  алғаны  үшін «ЖҚТБ –нен  балаларды  қорғау »  ҚҚҚ- нің  президенті  Ж.Жазықбаеваның  мадақтамасымен  марапатталды.         Қалалық білім  бөлімі   мадақтамасымен , «Өнер  құдіреті  мәңгілік» атты  қалалық өнер  фестиваліне  белсене қатысып, жас ұрпаққа саналы  тәрбие  беріп, қазақ елінің ұлтжанды  азаматтарын қалыптастырып, мейірімділік, адамгершілік пен әдеп-ғұрпымыздың өзге  қасиеттері мен қолөнерге деген қызығушылығын оқушы бойына  сіңіре білгені үшін мектеп ұжымы ІІ орынды иеленді.
1997-1998 жылдары туылған  жасөспірімдер арасындағы «Былғары доп — 2012»жарысында ІІІ орын алдық.
Сонымен қатар, жоғарғы оқу орындарында оқып жүрген түлектеріміздің де мектебіміздің атын шығарып, оқуда және университеттің қоғамдық өмірінде жоғарғы нәтижелер көрсетуде.
Егеменді еліміздің келешегі кемелі білім мен ұлағатты тәрбиеге байланысты. Дарындыларды ертерек табу, олардың игілігін көру – бүгінгі күннің көкейкесті мәселелерінің бірі. Олай болса, қоғам қажеттілігі мен сұранысын қанағаттандыратын өмір сүру қағидаларын меңгеруге кең көлемде білім алған, жоғары деңгейде түсіну қабілеті бар дарынды оқушыларды тауып, танып-танытып, тәрбиелеу біздің, педагог-ұстаздардың негізгі міндеті екендігі анық.

Құрманбекова Қарлығаш Жарқынбекқызы, Шымкент қаласы, №28 жалпы орта мектеп директоры.