БИЫЛ МЕКТЕПКЕ БАРАТЫН БАЛАЛАРДЫҢ 70 ПАЙЫЗЫ ҚАЗАҚ ТІЛІН ТАҢДАҒАН

2025 жылғы 1 сәуірден бастап 1-сыныпқа құжат қабылдау басталды, деп хабарлады ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, бүгінгі күнге дейін еліміздің мектептеріне 273 643 бала қабылданды, олардың 70%-ы мемлекеттік тілде оқуды таңдаған.

Мектептерге өтінім қабылданып жатыр. Оларды eGov.kz электронды үкіметі арқылы және eGov mobile қосымшасы арқылы тапсыруға болады. Сондай-ақ құжаттарды мектепке апарып өткізуге де болады.

Құжаттар демалыс пен мереке күндерінен басқа уақытты қабылданады.