ҚЫЗЫЛША МЕН КӨКЖӨТЕЛГЕ ШАЛДЫҒУ КӨРСЕТКІШТЕРІ 6,8 ЕСЕ ТӨМЕНДЕДІ

Алты айдың қорытындысы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты деңгейде, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.
— 31 инфекция, оның ішінде қызылша, көкжөтел 6,8 есе, А вирустық гепатиті 2,4 есе, коронавирустық инфекция 2,1 есе, лямблиоз 30%, аскаридоз 20% төмендеді, — деп атап өтті Комитет.
Сонымен қатар, есепті кезеңде 24 инфекциялық ауру, оның ішінде: оба, тырысқақ, дифтерия, полиомиелит, іш сүзегі, паратиф бойынша жағдайлар тіркелмеген.
Қызылшаға қарсы профилактикалық егулердің ұлттық күнтізбесі шеңберінде 336 мыңнан астам бала, ал көкжөтелге қарсы 480 мыңнан астам бала егілді. Вакцинациялаумен қамту ұсынылған көрсеткіштер шегінде болады.
Сондай-ақ, эпидемиологтер атап өткендей, ұлттық иммундау бағдарламасы басымдықтарының бірі адам папилломавирусына қарсы вакцинациялау болып қала береді.
11-13 жас аралығындағы қыздарды жоспарлы иммундау шеңберінде вакцинациялаудың бірінші кезеңінен 148 444 қыз, екінші кезеңнен 86 745 қыз өтті.