НҰРСӘТ ШАҒЫНАУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ КӨТЕРГЕН ТҮЙТКІЛ ШЕШІМІН ТАПТЫ

Қоғам мен билік арасындағы байланыс қаншалықты тиімді жолға қойылса, соғұрлым халықтың күнделікті өміріне қатысты түйткілдер уақытында шешімін тауып отырады. «AMANAT» партиясының Қаратау аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне түскен әрбір өтініш — осы өзара байланыстың нақты көрсеткіші.
Жуырда Қаратау ауданына қарасты Нұрсәт шағынауданының тұрғыны партия филиалына өтінішпен жүгініп, көпқабатты үй ауласындағы қоқыс қалдықтарының уақытылы алынбайтынын, жәшіктерден жағымсыз иіс таралып, тұрғындарға жайсыздық туғызып отырғанын мәлімдеді. Қоғамдық қабылдау кезінде айтылған бұл мәселе — көпқабатты үйлер орналасқан аумақтарда жиі кездесетін тұрмыстық түйткілдердің бірі. Қоқыс жәшіктерінің уақытылы тазаланбауы санитарлық жағдайға кері әсерін тигізіп қана қоймай, экологиялық және денсаулық қауіпсіздігіне де қауіп төндіреді. Сонымен қатар бұл жағдай балалар ойын алаңшаларына жақын маңда орналасқан жәшіктерге де қатысты болғандықтан, мәселенің өзектілігі одан әрі арта түсті. Қауіпсіз әрі таза ортада өсу — әрбір баланың конституциялық құқығы. Осы орайда көтерілген мәселенің жылдам шешілуі маңызды еді. Азаматтық қоғамдағы сенім мен сенімділік — партиялар мен халық арасындағы өзара іс-қимылдың басты құндылығы. Осы орайда «AMANAT» партиясының Қаратау аудандық филиалы бұл мәселені назардан тыс қалдырмай, жауапты мекемелермен бірлесіп шұғыл шаралар қабылдады. Партия өкілдері тұрғынмен кері байланыс орнатып, оның өтініші міндетті түрде қаралатынын және мәселе оң шешімін табатынын уәде еткен болатын. Көп ұзамай сол уәде орындалып, Нұрсат шағын ауданындағы көпқабатты үйлер ауласындағы және балалар ойын алаңшаларындағы қоқыс жәшіктері толық тазартылды.
Бүгінде қоғамдық қабылдаулар тек арыз-шағым жинайтын орын емес, нақты мәселелер шешілетін, шынайы жауапкершілік бар орталыққа айналып келеді. Бұл — «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының партиялық деңгейде іске асуының нақты мысалы. «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдау жүйесі азаматтардың даусын естіп қана қоймай, оның орындалуын қамтамасыз ететін жауапты құрылым ретінде қалыптасып келе жатыр. Бұл жүйе халықтың сенімін арттырып, қоғамдық белсенділікті оятуға ықпал етуде. Қазіргі уақытта партияның қоғамдық қабылдаулары нақты жұмыс істеп отыр. Тұрғынның ауызша өтінішінен нақты нәтиже шықты. Билік пен партия бірлесіп әрекет ете бастағанының белгісі. Мәселе коммуналдық салаға қатысты болғанымен, саяси ұйымның араласуы арқылы шешім табылды. Мұндай жедел әрекеттер азаматтардың сенімін арттырады. Қарапайым тұрмыстық түйткілдің шешілуі – үлкен өзгерістердің бастауы бола алады.
Нұрсат шағын ауданында орын алған қоқыс тазалығы мәселесінің шешілуі — «AMANAT» партиясының халық мүддесіне негізделген қызметінің нақты көрінісі. Бұл — әрбір шағым мен өтініштің маңызды екенін, ескерусіз қалмайтынын дәлелдейтін жағымды мысал. Мұндай мысалдар көбейсе, азаматтар да өз ортасына, туған қаласына деген жауапкершілікті сезініп, қоғам мен билік арасындағы шынайы диалог жүйелі жолға түсері сөзсіз.