БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢШАСЫ РЕТКЕ КЕЛТІРІЛДІ

Қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру мен қауіпсіз орта қалыптастыру — жергілікті билік пен партияның басты міндеттерінің бірі. Әсіресе балалардың қауіпсіздігіне қатысты мәселелер әрдайым ерекше назарда болуы тиіс. Осы бағытта «AMANAT» партиясы Шымкент қаласындағы қоғамдық қабылдаулар арқылы азаматтардың нақты проблемаларын дер кезінде анықтап, олардың шешілуіне ықпал етіп келеді.

Жуырда Тұран аудандық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне аудан тұрғыны тұрғын қазанға 30 жыл көшесі №2 үйдің ауласындағы балалар ойын алаңшасының жарамсыз күйін айтып, өтініш білдірді. Тұрғынның айтуынша, ойын алаңындағы кейбір элементтер сынып, балалардың өміріне қауіп төндіре бастаған. Бұл жағдай — қаладағы әлеуметтік инфрақұрылымның сапасы мен тұрғындардың қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін өзекті мәселе. Мәселені қарастырған Тұран аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы Есімхан Қалмаханұлы тұрғынның өтінішін назарға алып, Тұран ауданы әкімдігіне хабарласты. Азаматтың арызына бейжай қарамай, шұғыл әрекет ету партияның халық алдындағы жауапкершілігін айқындады. Нәтижесінде, Тұран аудандық коммуналдық мекемесінің мамандары аталған мекенжайға барып, ойын алаңшасындағы ақаулы және сынып тұрған элементтерді ретке келтірді. Барлық кемшіліктер жойылып, балаларға арналған орта қайта қауіпсіз әрі қолайлы жағдайға келтірілді. Бұл жағдай — «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдауларының тиімділігін нақты мысалмен дәлелдейтін оқиға. Себебі мәселені көтерген тұрғынның өтініші тек қағаз жүзінде қалып қоймай, іс жүзінде шешімін тапты. Мұндай мысалдар партияның қоғаммен кері байланысының жоғары деңгейде екендігін және әрбір шағымға шынайы назар аударылатынын көрсетеді.

Балалар ойын алаңшасы — қала мәдениетінің және тұрғындардың өмір сапасының көрсеткіші. Әсіресе көпқабатты үйлер маңындағы алаңшалар тек ойын орны ғана емес, ата-аналар мен балалардың демалатын, уақыт өткізетін ортақ кеңістігі болып саналады. Сондықтан мұндай нысандардың техникалық жағдайы мен қауіпсіздігі ерекше бақылауды қажет етеді. Осы тұрғыдан алғанда, тұрғынның белсенділігі мен партияның жедел әрекеті қоғамдағы азаматтық жауапкершілік пен серіктестік мәдениетінің қалыптасып келе жатқанын байқатады. «AMANAT» партиясының Тұран аудандық филиалы бұл мәселеде тұрғын мен жергілікті билік арасында дәнекер бола білді. Бұл — партия қызметінің ең маңызды тұстарының бірі. Себебі қоғамдық қабылдаулар арқылы партия тек өтініш қабылдап қана қоймай, нақты нәтижеге қол жеткізетін практикалық механизм қалыптастырып отыр. Мұндай мысалдар партия мен халық арасындағы сенімді арттырады. Себебі қарапайым тұрғынның дауы естіледі, шағымы ескеріліп, мәселесі шешіледі. Бұл өз кезегінде қоғамда жауапкершілік пен өзара түсіністік мәдениетін нығайтады. Ойын алаңшасындағы ақауларды жою — тек бір шағын мәселенің шешімі емес, бұл балалардың қауіпсіздігіне, ата-аналардың тыныштығына және қала келбетіне әсер ететін маңызды әлеуметтік қадам. Осы арқылы партия қоғамдағы әрбір адамның өмір сапасына назар аударып, тұрғындардың мүддесін қорғауға бағытталған нақты жұмыстар атқарып отырғанын көрсетеді.