«АДАЛ АЗАМАТ» – ЕЛ ДАМУЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ ТҰЖЫРЫМДАМА

2025 жылғы 14 қарашада Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Хамза атындағы №108 жалпы орта білім беретін мектебінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Досбол LIKE» жобасы бойынша «Досыңды қорға!» тақырыбында маңызды іс-шара өтті. Бұл шара Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің және Шымкент қаласы Білім басқармасының хатына сәйкес, оқушылар арасындағы буллингтің алдын алу және достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында ұйымдастырылды.

Іс-шараны директордың орынбасарлары Дилшад Нуралиев және Ширин Миромаровалар жүргізді. Жиынның негізгі мақсаты — оқушыларға достықтың қадірін түсіндіру, бір-біріне қолдау көрсету мәдениетін қалыптастыру және қиын жағдайда досын қорғаудың жауапкершілігін ұғындыру болды. Сонымен қатар, шара барысында оқушылар өзара сыйластық пен сенімді арттырудың, дұрыс қарым-қатынас пен көмектесудің маңыздылығын меңгерді. Іс-шара интерактивті түрде өткізілді. Оқушылар түрлі ойындар, топтық тапсырмалар мен рөлдік көріністер арқылы бір-бірін қолдау, қиын жағдайда дұрыс әрекет ету және әлсізге қамқор болу дағдыларын бекітті. Бұл әдіс қатысушылардың практикалық дағдыларын дамытуға, сенімділігін арттыруға және мектептегі достық атмосфераны нығайтуға мүмкіндік берді. Шара барысында буллингтің алдын алу, әлсіздерді қорғау, қолдау көрсету мәдениеті мен өзара көмек құндылықтары насихатталды. Мұндай іс-шаралар оқушылардың әлеуметтік және эмоционалдық дамуына ықпал етіп, олардың саналы, жауапты және бір-біріне құрметпен қарайтын азамат болып қалыптасуына жағдай жасайды. «Досыңды қорға!» іс-шарасы «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының негізгі мақсаттарын іске асыруға үлес қосып, оқушылардың қауіпсіздік мәдениетін, достық қарым-қатынасты және әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға бағытталған маңызды тәжірибе болды. Оқушылар алынған тәжірибесін мектеп өмірінде қолдана отырып, бір-біріне қолдау көрсетіп, достық пен сыйластыққа негізделген орта қалыптастыруға ықпал ететініне сенім туды.

Жалпы «Адал азамат» – жай ғана тұжырымдама емес. Ол мемлекет пен ел мүддесіне адал қызмет ететін, моральдық және басқарушылық құндылықтар үйлесімін тапқан, өзгерістерді тиімді жүзеге асыра алатын, жауапкершілікті тұлғаның жаңа моделі. Ел қашан да осындай тұлғаларына арқа сүйемек. Олай болса, адал азаматтардың көп болуы – мемлекетіміздің өркендеуінің кепілі.