Электрожарақат кезінде алғашқы көмек

44
0

Электрожарақат – адам ағзасына электр тогының әсер етуі нәтижесінде пайда болатын жарақат. Электр тогы ағза арқылы өткен кезде тіндердің қызуы, бұлшықеттердің қатты жиырылуы, жүрек пен тыныс алу жүйесінің бұзылуы сияқты ауыр жағдайларға әкелуі мүмкін.

Электрожарақаттың себептері

Электрожарақат көбінесе келесі жағдайларда болады:

Тұрмыстық электр құралдарының ақауы;

Жоғары кернеулі желілермен байланыс;

Қауіпсіздік ережелерін сақтамау;

Су немесе дымқыл ортада электр құрылғыларын қолдану;

Өндірістік жабдықтармен дұрыс жұмыс істемеу.

Электрожарақаттың түрлері:

  1. Жергілікті жарақаттар: күйік, терінің қараюы, тоқтың кіру және шығу нүктелері;
  2. Жалпы әсерлер: жүрек тоқтауы, тыныс алудың қиындауы, бұлшықет құрысуы;
  3. Жүйкелік бұзылыстар: естен тану, бас айналу, есте сақтау қабілетінің нашарлауы.

Электр тогының ағзаға әсері

Төмен кернеу (220–380 В): бұлшықет құрысуы, ауырсыну, тыныс тоқтауы мүмкін.

Жоғары кернеу: ішкі ағзалардың ауыр зақымдануы, терең күйік, өлім қаупі өте жоғары.

Бірінші көмек көрсету

Электрожарақат алған адамға алғашқы көмек көрсету өте маңызды:

  1. Зардап шегушіні ток көзінен ажырату (құрғақ ағаш, киім көмегімен).
  2. Егер тыныс жоқ болса – жасанды тыныс және жүрекке жанама массаж.
  3. Күйік болса – таза таңғышпен жабу.
  4. Дереу жедел жәрдем шақыру.

Алдын алу шаралары:

Электр құрылғыларын дұрыс пайдалану;

Дымқыл ортада ток көздерінен алыс болу;

Қауіпсіздік техникасын сақтау;

Қорғаныш құралдарын қолдану (қолғап, резеңке аяқ киім);

Балаларды электр желілерінен алыс ұстау.

 

                                                                                                            

ҚР ТЖМ

Апаттар медицинасы орталығы ММ-нің

Шымкент қаласы бойынша  филиалы

ТМСП «Казығұрт» Фельдшері Кубенов Т.