МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚОРҒАЛДЫ

Бүгінгі күнде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және оның аумақтық департаменттері бұзушылықтарды алдын-алу, азаматтар мен мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау, олардың бұзылуына жол бермеу мәселелеріне ерекше көңіл бөліп, осы бағытта ауқымды жұмыстарды жүргізуде.
Осы орайда, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен ағымдағы жылдың 9-айында мемлекеттік органдардың тәртіптік практикасына, мемлекеттік қызметшілерге сыйақы беру мәселесіне, іссапарға шығу кезінде құқықтарының сақталуына, біліктілік талаптарына сәйкестігіне, бос мемлекеттік лауазымға конкурстық негізде қабылдау мәселелеріне талдаулар жүргізілді.
Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша жүргізілген талдау қорытындыларымен 165 бұзушылық жойылды, 84 мемлекеттік қызметшінің құқығы қалпына келтірілді.
Сонымен қатар, бұзылған құқықтарды қорғау жұмысында жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдары негізінде жүргізілетін жоспардан тыс тексерулер, сондай-ақ жоспарлы тексеру жұмыстары ерекше маңызға ие.
Осы ретте, есепті кезеңде Департаментпен мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша 35 жоспардан тыс және 9 жоспарлы тексеру жүргізіліп, нәтижесімен 215 бұзушылық жойылды, орын алған бұзушылықтарға жол бергені үшін 23 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды, тексеру қорытындыларымен 41 қызметшінің құқығы қорғалды.
Бұдан бөлек, қатардағы қызметшілердің құқықтарының бұзылуын алдын-алу, бұзушылықтарды болдырмау және жою бағытында өзінің елеулі үлесін қосып жатқан мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтауына жүргізіліп отырған мониторинг жұмыстарын ерекше атап өткім келеді.
Бұл тұста, есепті кезеңде жұмыс уақыты режимінің сақталуына 60 мемлекеттік мекемеде мониторинг жүргізіліп, нәтижесімен 246 бұзушылық анықталған, жалпы 246 мемлекеттік қызметшінің құқығы қалпына келтіріліп, оларға тынығу уақыттарының берілуі қамтамасыз етілді.
Профилактикалық жұмыстар, сонымен бірге мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын және қызметтік әдеп нормаларын түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізу арқылы жүзеге асырылуда.
Департаментпен мемлекеттік қызметшілерге тұрақты түрде әдістемелік-тәжірибелік семинар-тренингтер, дөңгелек үстелдер, диалогтық алаңдар, семинар кеңестер ұйымдастырылуда. Өткізіліп отырған кездесулер барысында талдау нәтижелері бойынша анықталған кемшіліктерге жалпы шолу жасалып, оның заңнамалық негіздері талқыланады, тәжірибелік нақты кейстарды шешу арқылы қатысушыларды бұзушылықтарды болдырмау бойынша жұмысқа бағдарлау жүзеге асырылады.
Осы орайда, есепті кезеңде Департаментпен «Қызметтік әдеп бұзушылықтардың алдын алудың және тәртіптік шараларды қолданудың кейбір мәселелері», «Іскерлік этикет пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау», «Мемлекеттiк қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтау мәселелері», «Ойын мекемелеріне барудан бас тарту, сондай-ақ діни нанымдарын таңуға, қарамағындағыларды діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлемеу мәселелері», «Мемлекеттік қызметте кемсітушілік пен қызметтік теңдікті бұзудың алдын алу мәселелері», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарын және қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселері», «Мемлекеттік қызметтегі адалдық пен әдеп қағидаттары», «Адал азамат – мемлекеттік қызметтің моральдық тірегі», «Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану ерекшеліктері» тақырыбында түсіндірме семинар тренингтер, дөңгелек үстелдер, диалогтық алаңдар, семинар кеңестер, мемлекеттік қызмет мұражайларында мемлекеттік қызметке қызығушылықты ынталандыруға бағытталған жоғарғы оқу орнының студенттерімен кездесу, қарым-қатынас дағдылары бойынша мастер-класс және еріктілер күніне орай арнайы іс-шаралар өткізілді.
Айта кету қажет, 2023 жылдан бастап Департамент жанынан құрылған «Еріктілер кеңесі» консультативтік-кеңесші органы жұмыс жасайды. Кеңестің мақсаты, мемлекеттік қызметшілер мен жастардың, студенттер мен оқушылардың ерікті қызметке қатысуын кеңейту, оларға белсенді өмірлік ұстаным дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Бүгінгі күні, еріктілермен «23 Наурыз – Тазару күні», «Экологиялық мәдениетті қалыптастырамыз», «Тегін заң көмегі күні», «Тазалық күні», «Балаларға арналған игі іс», «Өзгеге өмір сыйла», «Бар мейіріміміз балаларға», «Қайырымдылық — жүректен», «Мәдени мұра», «Еріктілердің игі бастамалары-қоғам үшін пайдалы» атты акциялары өткізілді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан бұзушылықтарды болдырмауға, оларды алдын — алуға, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.
Жанысбек Данияр Бахтиярұлы,
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары.

