АУҚЫМДЫ РЕЙД: ТҮРКІСТАН КӨШЕЛЕРІНДЕ ПОЛИЦЕЙЛЕР ТӘРТІП ОРНАТУҒА КІРІСТІ

Шымкенттің шулы көшелерінде жүргізушілерді «жіпке тізген» тәртіп сақшылары енді Түркістанға ат басын бұрды. Бұл жай ғана кезекті рейд емес, «бармақ басты, көз қыстыға» үйренгендердің мысын басатын нағыз тәртіп операциясы. Енді «көкелердің» қоңырауы көмектеспейді. Қала көшелеріндегі қоғамдық тәртіпті жаңа деңгейге көтеруді көздеген сақшылар ең алдымен «телефонмен мәселе шешетін» пысықайлардың жолын кеспек. Мақсат: жазалау емес, жолдағы жапа шегудің алдын алу, — дейді полицейлер.
Полиция департаментінің басшылығы тарапынан өткізілген саптық таралымда қызметкерлерге нақты талап қойылды: ереже бұзылды ма — хаттама толтырылуы тиіс.
Түркістан көшелері қазір үш облыстан келген арнайы жасақтың толық бақылауында.
Бұл рейд — уақытша науқан емес, қаланың қауіпсіздік иммунитетін қалыптастырудың басы ғана. «Ескі әдетіне» салып, ережені белшесінен басатындарға Түркістан көшелерінде енді орын жоқ!



