ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ

Бүгін 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиын Астана алаңында ұйымдастырылып, оған әскери қызметшілер, Қарулы Күштердің ардагерлері, құқық қорғау органдарының өкілдері, қоғам белсенділері, жастар және қала тұрғындары қатысты.
Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Салтанатты рәсім Шымкент гарнизонының жеке құрамының сап түзеуінен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын алып шығудан және Мемлекеттік Әнұранды орындаудан басталды. Мерекелік бағдарлама аясында гарнизон бөлімшелерінің қатысуымен әскери шеру ұйымдастырылды.
Әскери қызметшілер саптық даярлықтың жоғары деңгейін, тәртіп пен жауынгерлік рухты көрсетті. С.Рахымов атындағы әскери колледж курсанттары қоян-қолтық ұрыс элементтері мен арнайы көріністер ұсынды.
Кеш соңы қала өнерпаздары мен шығармашылық ұжымдарының қатысуымен өткен концерттік бағдарламаға ұласты. Көрермендерге Отан, ерлік және әскери даңқ тақырыбындағы патриоттық әндер ұсынылды.
Іс-шара Отан қорғаушыларға деген құрметтің, ұрпақтар сабақтастығының және қоғамдағы патриоттық құндылықтарды нығайтудың айқын көрінісіне айналды