Журналистерге арналған тренинг өтті

224
0

6«Мирас» колледжінде «Алтын қауырсын» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Интернет журналистика және оның ерекшеліктері» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Басты мақсат —  журналистердің шеберліктерін шыңдап, жаңа медиа технологияларын қолдануды үйрету. Алматыдан арнайы келген «Мінбер» журналистерді қолдау орталығының төрайымы Есенгүл Кәпқызы мен «Bilim Media Group» жоба үйлестірушісі Бақытгүл Салықова 15 журналиске интернет журналистиканың дәстүрлі журналистикадан айырмашылығын түсіндірді. Құқықтық, журналистік этика жайлы кеңес беріп,  жаңа медиа технологияларымен қалай жұмыс істеу керектігі жайында сөз қозғады. «Журналист және краудсорсинг» тақырыбын жіті түсіндіріп, Google сауалнама жүргізу мен үнхабар жасауды үйретті. Семинар-тренингтің соңында барлық қатысушыларға арнайы сертификат тапсырылды.

«Уақыт»