ҚҰТҚАРУШЫЛАР ЖЕДЕЛСАТЫҒА ЖЕДЕЛ ЖЕТТІ

Түркістан қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің құтқарушылары жеделсатыда қалып қойған азаматты жедел құтқарды,-деп хабарлайды uakit.kz.

Оқиға биыл 20-қазанда болған. Түркістан қаласындағы Әмір-Темір көшесіндегі қалалық әкімдік ғимаратындағы жеделсатыда болған күтпеген оқиға туралы хабарлама өрт сөндіру бөлімінің диспетчеріне күндізгі сағат 13:10 минутта келіп түскен.

Хабарлама бойынша қаладағы №1 өрт сөндіру бөлімінің құтқарушылары әдеттегідей бір минутта шығып, хабарлама бойынша айтылған мекен жайға сағат 13:22 минутта жетеді.  Құтқарушылар жеделсатыда қалып қойған азаматқа дер кезінде көмек көрсетті. Оны жеделсатыдан шығарып алды. Бұл оқиғаға байланысты зардап шеккендер жоқ.