Арайлы Астанам менің – бас қалам!

351
0

65Бұл мереке республикалық маңызы бар мерекелер қатарына жатады.  Жыл сайын шілде айының алтысында аталып өтеді. Астана қаласы жас қала болса, оның төл мерекесін атап өтіп жатқанымызға көп бола қойған жоқ. Астана күнін мереке етіп бекітіп, республикалық маңызы бар мерекелердің қатарына қосқан күн — 2008 жылдың 18-ші маусымы. Осы күні ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары бірауыздан «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» Заңын мақұлдады. Соған сәйкес, жыл сайын 6-шілде “Астана күні” мерекесі болып бекітілді. Ал бұрындары, 1998 жылдың 10-маусымында  Қазақстанның жаңа елордасының тұсаукесері өтті. Осы күн 2006 жылға дейін Астананың туған күні ретінде аталып келген болатын.

Астана – дегенде көз алдымызға ару Астана, Арқа төсіндегі алтын алқадай арман қала келеді. Еуразия кіндігінде айдарынан жел ескен қазақ баласының түп қазығына айналып, айдай әлемге келісті келбетін, кемелденген қадамын паш еткен еңсесі биік елорда  ертегіге бергісіз таңғажайып болмысымен тарих сахнасында тұлғалана түсуде. Бас – аяғы 15 жылдың ішінде әлемдік сәулет өнері жауһарының қатарына қосылатын, қазіргі заманғы сан түрлі әсем ғимараттары, жасыл желегі мен гүлзарлары бар қала салу айтуға ғана жеңіл. Дүние жүзі елдері тарихында астанасын жаңартқан жұрттың бірде бірі мұндай қысқа мерзімде қала тұрғыза алмаған. Қазақстан сондай ұлы іске тәуекел етті. Тәуекел етті де тағлым аларлық тамаша істі жүзеге асырды.
Рас, Астана біз үшін мақтаныш, Қазақ елі үшін мәртебе.

Сейдолла ҚҰНАНБАЕВ,
Шымкент қаласы, Еңбекші аудандық сотының судьясы.