«Алтын қауырсын» — «Уақытта!»

168
0

6261«Өзі бір күндік, сөзі мың күндік» газет қызметкерлері кешегі аптада өздерінің кәсіби төл мерекелерін атап өтті. Көппен бірге «Уақыт» газеті де көптен күткен нәтижелерге қол жеткізіп, екі жылдық жетістіктерін саралады. Еткен еңбек еш кетпепті, ел қатарлы «Уақыттың» қызметкерлері де бірқатар марапттарға ие болып, мерейлері үстем болды.

Талғат Балтабаев ОҚО мәслихатының грамотасын, «Нұр Отан» ХДП ОҚО филиалының, Шымкент қалалық әкімдігінің Алғыс хаттары мен бағалы сыйлықтарын еншілесе, Сұлтан Ердәулет «Алтын қауырсынға» қол жеткізді. Мұнан бөлек, ОҚО сотының төрағасы Н.Шәріпов, Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі Ж.Байғонов, Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ж.Исмайлов, ОҚО энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Б.Көшербай, «Ақ жол» партиясының ОҚО филиалының төрағасы т.б. «Уақыт» газетіне арнайы көңіл бөліп, тиісті сый-сияпаттарын табыстады. Қошамет көрсеткен барша жанашыр азаматтарға алғыс айта отырып, дендеріне саулық, отбасыларына амандық, еңбектеріне табыс тілейміз.
Жүзден жүйрік шыққан қызметкерлерімізге «жүлделеріңіз құтты болсын дей отырып, мұндай лебізді өзге де әріптестерімізге бағыштадық. «Жазар көбейсін»,– құрметті қаламгерлер!

Венера ҚАБЫЛБЕКОВА.