Кеңесшінің өрлегені ме, әлде құлдилағаны ма?

349
0


Жастарды жаңа қызметке сенім артып қойып жатқанда танымасаң да қуанып, тілекшісі болып жатасың. Жақында сондай бір тағайындау болды. ОҚО әкімінің кеңесшісі болып бес ай істеген 33 жастағы Бауыржан Омарбеков Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Мамандығы экономист, 10 жылдан астам түрлі банктерде жұмысын менеджерліктен бастап филиал директорының орынбасары болған, облыстық Кәсіпкерлікке қызмет көрсету орталығының директоры, ОҚО кәсіпкерлік индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы лауазымдарында атқарған Бауыржан Бақытұлы жаңа қызметке барған кезде оның не өрлегенін, әйтпесе құлдилағанын тіптен бағамдай алмадық. Былай қарасаң әкімнің орынбасары деген аты бар, ал екінші жағынан өңір басшысының ақылшысы болған жігіттің пешенесіне облыстық деңгейдегі басшылық орын неге бұйырмады деп те ойланасың. Қалғанын білетіндер өзі шешіп алар…
Қ.ҚАЛИЕВ.