БАСПАСӨЗДІ БЕЙСЕНБАЙ БАСҚАРАДЫ

129
0

Өткен аптада ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне жетекшілік жасайтын жаңа басшыны өзінің аппаратына таныстырды.

Бұған дейін Оңтүстік өңірінде БАҚ саласында біраз жылдар жұмыс істеген, облыс әкімі аппаратының баспасөз қызметіне жетекшілік жасаған, облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінің директор-бас редакторы болған Бейсенбай Тәжібаев (суретте) республикалық «Айқын» газетінің Астанадағы бюросының басшылығынан жаңа қызметі – ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметіне басшы және облыс әкімінің кеңесшісі болып қайта оралды.
Бейсенбай Дәулетұлын жаңа қызметімен құттықтап, облыс баспасөзінің уақыт талабына сай өркендеуіне өз үлесін қосуына игі тілегімізді білдіреміз.
Осы уақытқа дейін бұл қызметті абыроймен басқарып келген жас кадр Нұрлыбек Жеңісбек сенімді дерек көздерінен жеткен мәліметке қарағанда бір ауданға әкімнің орынбасары болып бармақ көрінеді.

«Уақыт».

фото авторы: Азат Дидарбек