Оңтүстікте күн күрт суытады

266
0

19 қарашада еліміздің оңтүстік аудандарында құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерінде жауын-шашын жауады, жаяу бұрқасынмен бірге жел 15-22 м/с күшейеді, көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Облыстардың басым бөлігінде тұман күтіледі. Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді. Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Қарағанды облысының кей жерлерінде түнде қатты аяз күтіледі.

Дереккөз inform.kz