ОҚО-ДА БАСҚАРМА БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

350
0

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Дүйсенов Берік Тастанбекұлы облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Б.Дүйсенов 1978 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы құқықтану, мемлекеттік және жергілікті басқару бакалавры.
Ол еңбек жолын 2000 жылы Ақтөбе қалалық прокуратурасы бөлімінің прокуроры болып бастаған.

2004-2016 жылдары Ақтөбе қалалық прокуратурасы бөлімінің аға прокуроры, «Кит Со», «Отау строй» ЖШС-нің заңгері, Түркістан қаласы әкімі аппараты заң бөлімінің меңгерушісі, Түркістан, Шымкент қалаларының әкімі аппаратының басшысы, «Сәулет-Бетон» ЖШС құрылыс компаниясының кеңесшісі, бас директоры қызметтерін атқарған.

2016 жылдың желтоқсан айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы басшысының орынбасары болып еңбек етіп келген.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі