ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА
Әл-Фараби ауданы аумағындағы басты 102 көшеге 906 қоқыс жәшіктері орнатылған. Осы орталық көшелердегі 213 аялдама мен 425 қоқыс жәшіктерін күніне 2 рет (таңертең- кешке) жинауға «Build stroi» мердігер мекемесі тарапынан 10 техника мен 180 коммуналдық қызметші жұмылдырылған.
Аудан орталығындағы халық көп шоғырланған 87 аялдама мен 172 қоқыс жәшіктерін күніне 3 рет (таңертең, түсте, кешке) тазарту үшін мердігер мекеменің қосымша мобильдік 4 техника мен 30 қызметшісі жұмыс істейді. Осы бағыттағы тазалық жұмыстар күнделікті кесте бойынша жүзеге асып отыр. Атқарылған жұмыстың сапасын аудан әкімдігі тарапынан тұрақты бақылауға алынған. Қала тұрғындарынан қоршаған ортаны таза ұстауға, қоқыс тұрмыстық қалдықтарды шығару үшін арнайы қоқыс жәшіктерін пайдалануға шақырамыз.
Биыл Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында 50 көп қабатты тұрғын үйдің ауласын абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстары жоспарлануда. Қазіргі таңда, абаттандыру жұмыстары 28 аулада жүргізіліп жатыр. Аталған аулаларда тұрғындар демалуына арналған орындықтар мен бастырма, қоқыс жәшігі, балалар ойын элементтері және ересектерге арналған спорт элементтері орнатылуда. Аталған жұмыстарға «Strong service»ЖШС-ы, «New level» ЖШС-ы жауапты. Ал қалған 22 ауланы абаттандыруға мердігер мекемені анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде.
Бұдан бөлек, Сайрам шағынауданында да 10 көпқабатты үйдің ауласы абаттандырылады. Еңбекші ауданындағы Сайрам шағынауданының тұрғындары «Халық қатысатын бюджет» жобасына белсенді қатысып өз жобаларын ұсынған болатын. Нәтижесінде биыл 10 үйдің ауласы абаттандырылып, балалар ойын алаңшасы құрылады. Қазіргі сәтте шағынаудандағы №№7,10 көпқабатты үйлердің ауласындағы ойын алаңшасы балалардың игіліген берілген болса, №6,9 үйлердің ауласында жұмыстар жалғасуда. Өндірістік кестеге сәйкес өзге үй аулаларында да жұмыстар басталғалы тұр. Сайрам шағынауданында көпқабатты 29 үй орналасқан. 2013 жылы шағынаудандағы барлық үй аулаларына абаттандыру жұмысы жүргізілген. Уақыт өте келе балалар ойын алаңшаларының бірқатары көнеріп, қайта құруды қажет еткен.