ОҚО ӘКІМІ ҮЗДІК ДӘРІГЕРЛЕРГЕ ПӘТЕР МЕН АВТОКӨЛІК КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ

198
0

Бүгін «Қазақстан халқы ассамблеясы» ғимаратында медицина қызметкерлері күніне арналған мерекелік шара өтті.

Салтанатты жиынға қатысқан Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев, денсаулық сақтау саласы мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, үздік дәрігерлерге пәтер мен автокөлік кілтін табыстады.

Аймақ басшысы пәтер кілтін облыстық клиникалық ауруханасының жансақтау бөлімінің меңгерушісі Цай Вячеславқа, ал су жаңа Lada Granta автокөлігінің кілтін Ордабасы ауданының орталық балалар бөлімінің меңгерушісі Айгерім Имановаға берді.

Бұдан бөлек, әкім денсаулық саласында талмай еңбек еткен дәрігерлерді «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен және облыс әкімінің құрмет Грамотасы мен Алғыс хатымен марапаттады.

Мерекелік шарада сонымен қоса, өзгеде мереке иелеріне ҚР денсаулық сақтау министрлігінің  «Еңбек ардагері» медалі, ҚР «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», ҚР «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін»,  «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін»   төсбелгілерімен наградталса, бірқатар азаматтар Қазақстан Республикасы Денсаулық министрлігінің құрмет Грамотасы мен Алғыс хатымен марапатталды. Осылайша, бұл күні 100-ден астам медицина қызметкерлерінің еңбегі еленіп, қуанышқа бөленді.

Салтанатты жиынның соңы мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Айта кетейік, Оңтүстікте 30 мыңнан астам адам денсаулық саласында еңбек етсе, оның 7 мыңнан астамы дәрігерлер, ал 23 мыңы орта буынды қызметкерлер болып келеді.

Еске салайық, еліміздегі аймақтар арасында бірінші болып Оңтүстік Қазақстан облысының орталығында трансплантация қолға алынған болатын. Дәрігерлеріміз бүгінге 82 бүйрек және 8 бауыр алмастыру оталарын жасады. Ал  осы жылы облысымызда тұнғыш рет «қайтыс болған донордан» ағза алмастыру жүргізіліп, 2 бүйрек алмастыру отасы сәтті жүзеге асты.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі