Құтқарушылар ата-аналарды балаларына абай болуға шақырады

Шымкентте төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша ескерту жұмыстары жалғасуда. Әл-Фараби ауданы аумағында шомылуға арнайы орындар бөлінгеніне қарамастан, тұрғындар тыйым салынған жерлерде шомылуда. 

 

 

– Біз шомылуға тыйым салынған жерлерде рейд жүргізіп жатырмыз. Ескертулерге қарамастан балалар сондай жерлерге үйір. Әл Фараби ауданында осындай үш орын бар. Қазіргі таңда қала әкімінің тапсырмасымен осы орындарды таңертеңнен кешке дейін бақылап жүретін үш жұмыс тобы құрылған.
Құрметті ата-ана! Өз перзентіңіздің бос уақытын қайда өткізетінінен хабардар болыңыз! Әсіресе, жақын жерде шомылатын су көздері болса. Себебі, өткен жылы шомылған жерлер биыл аса қауіпті, жаңбырдың әсерінен өзендердегі су деңгейі екі есе көтерілді, – дейді Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары Дәурен Босымбаев.

Айта кетейік, жыл басынан бері қаладағы су көздерінде 3 бала зардап шеккен.