МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР КӨП

117
0

Шымкент қаласында жыл басынан бері 5 790 мәдени іс-шара ұйымдастырылған, деп хабарлайды Uakit.kz.
Ұйымдастырылған  5 790 мәдени іс-шара ішінде 254 көпшілік мәдени іс-шаралар, концерттер, 3 603 экскурсиялар, лекциялар, 48 көрме, 8-премьера, 652 — репертуарлық қойылым, 77 — цирк қойылымы, 1148 — танымдық, тақырыптық, әдеби іс-шаралар, келушілер саны 1 817,8  мың адамды құрады.
Атап айтсақ, қоғам қайраткері  Д. Қонаевтың  110 жылына, А.Асқаровтың 100 жылына, ақын А.Нысаналиннің 80 жылдығына, А.Байтұрсынұлына 150 жылына, әнші К.Байсейітованың 110 жылына орай әдеби сағаттар, дөңгелек үстелдер, кездесу кештері, әдеби әуенді кештер, поэзия кештері өтті.
Ағымдағы жылдың қыркүйек айының 19-24  күндері аралығында Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры Ақтөбе қаласында өткен «Ассалаумағалейкум – VI» Халықаралық қуыршақ театр фестиваліне қатысып, «Үздік  актриса» және «Балаларға арналған үздік қойылым» номинациясын, ал 23-25 күндері аралығында Шымкент қалалық Ж.Шанин атындағы қазақ академиялық драма театрының актрисасы  Бақыткүл Қожамұратова  Орал қаласында өткен Х.Бөкееваның 105 жылдығына арналған республикалық моноспектакілдер фестиваліне қатысып, «Үздік актриса» номинациясын иеленді.
Бұдан бөлек, тілдерді дамыту саласында да жақсы көрсеткіштерге қол жетізіп отыр. Ағымдағы жылы Тілдерді дамыту – әдістемелік орталығында 899 азамат қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгеру бойынша курстан өтті. Оның 540 қазақ тілінен, 45 орыс тілінен, 314 ағылшын тілінен біліктіліктерін арттырды. Тіл үйренушілердің 292-і мемлекеттік қызметші, 607-і азаматтық қызметкер.  Ұлттық құрамы: қазақтар — 632, орыстар — 126,  өзбектер — 93,  өзге ұлт — 48 адам. Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, оның маңызы мен мәртебесін көтеру, көркем әдебиетті насихаттау, тіл мәдениетін көтеру, үш тілді жетік меңгерген жастарды ынталандыру мақсатында бұл бағытта ағымдағы жылы 5 байқау, 2 семинар, 1 форум,
1 конференция ұйымдастырылып, өткізілді. Шымкент қаласында мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі 95,8%, орыс тілін — 87%, ағылшын тілін — 23,5% құрады.
Ал ономастика бойынша ағымдағы жылы Шымкент қаласында жаңадан аудан құрылып, аудан «Тұран» аталып және №61 жалпы орта мектебіне Әшімжан Ахметовтың есімі берілді. Қала аумағындағы атауы жоқ және қайта атау бойынша 152 көшенің тізімі Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы ономастикалық комиссиясының қарауына жолданды.