ТӨЛЕБИЛІК ТҰРҒЫНДАР ӘКІММЕН КЕЗДЕСТІ

467
0

Аудан әкімі Бауыржан Омарбеков кезекті рет азаматтарды жеке мәселері бойынша қабылдады. Жеке қабылдау барысында төлебиліктер жер мәселесін реттеу, қолды болған малдарын қайтару турасындағы өтініштері мен мәселелерін айтып, ауданды дамыту бойынша ұсыныс-тілектерін білдірді.
Бауыржан Омарбеков жалпы 9 адамды қабылдады.
Аудан әкімі барлық өтініштер мен ұсыныстарды мұқият тыңдап шығып, қолданыстағы заңнама аясында түсінік және тиісті мемлекеттік мекемелерге мәселелерді шешу үшін тапсырмалар берді.
Естеріңізге сала кетейік, жұмыс кестесіне сәйкес, алдын-ала жазылу бойынша, әр аптаның дүйсенбі күні сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды. Қабылдау барысында тұрғындар аудан басшысына өздерін толғандырып жүрген мәселелерін айтып, олардың шешу жолдарын бірге табуға мүмкіндік ала алады.
Алдын-ала жазылуды Төлеби ауданы әкімі аппаратының әкімшілік және құжаттандыруды қамтамасыз ету бөлімінің бас инспекторы Хайтметова Камиля Заманқызы жүргізеді. Қосымша ақпарат алу үшін 8(72547)6-13-70 нөміріне хабарласуларыңызға болады.
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі
53