«ДОМБЫРА ПАТИ»
Шымкент аграрлық колледжінің белсенді жастары Орталық саябақта соңғы кездері дәстүрге айналып келе жатқан «Домбыра пати» шарасына қатысты. Домбыра — бабадан қалған мұра, ұлттық саз аспабы. Домбырада ойнай білу — әрбір адамның, әрбір баланың асыл арманы. Домбыра үнін тыңдау — әлемдегі ең нәзік те ғажайып сезімге бөлену деген сөз. Домбыра туралы әңгіме қозғала қалса, көңілде қазақи тәрбие, қазақтың салты мен дәстүрі тұрады.
Домбыра аспабын үйреніп, ойнау арқылы ұлттың болмысын, қазаққа тән барша қасиетін түсінуге болады. Мұндай кездесулерде қазақтың төл аспабы қазақтың қара домбырасын насихаттап, патриоттық сананы оятатын, ұлттық өнерді паш етуге арналған іс-шарада жас өнерпаздар Күй атасы Құрманғазының жігерлі, екпінді күйлерін, Дәулеткерейдің терең толғауға, романтикалық лирикаға негізделген күйлерін, Тәттімбеттің әуейі әсем, тәтті мұң мен қоңыр сазға толы күйлерін және халық әндерін орындап, көпшіліктің көңілінен шықты.