ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ХАЛЫҚТАН НЕ СҰРАДЫ?

200
0

Шымкенттегі жыларман халде тұрған «Фосфоршылар» сарайы биыл қала меншігіне өтіп, оқушылар сарайына айналады.

Бұл туралы қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Еңбекші ауданы әкімі Ғалымжан Ильясовтың халыққа қорытынды есеп беру жиынында мәлімдеді. Шымкенттегі №24 мектеп-лицейде өткізілген есептік жиынға қала басшысымен қатар, ҚР Президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Ерғали Егемберді, қалалық мәслихат депутаттары, аудан тұрғындары қатысты. Аудан әкімі алдымен тұрғындар алдында атқарылған жұмыстарды баяндады.
Одан соң халық әкімге ұсыныстарын айтты. Өз кезегінде тұрғындар Тоғыс тұрғын алабында спорт кешенін салып беруді, Бадам өзеніндегі көпірді жөндеуді және қоғамдық көлік қызметін біржақты шешуді талап етті.
Ал қала басшысы Ғ. Әбдірахымов болса Бадам өзеніндегі көпірді салып беретінін, алдағы маусым айында 300 автобус жеткізілетінін бұл көлік мәселелерінің шешілуіне ықпал ететінін, Тоғыс тұрғын алабында стадион салу көзделіп отырғанын айтты. Сонымен қатар ол қазіргі таңда тұрғын алабтарды абаттандыруға көп көңіл бөлініп жатқанын мәлімдей келе, «Сабыр етсеңіздер, уақыт берсеңіздер, барлық мәселені шешеміз», — деді