ӨҢІРДЕ КӨТЕРМЕ САУДАНЫҢ КӨЛЕМІ 69 МЛРД. 784 МЛН. ТЕҢГЕГЕ ЖЕТКЕН

233
0

Өткен жылы Түркістан облысындағы бөлшек сауданың көлемі 148 286 млн. теңгеге жетіп, 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,1 пайызға артқан. Бөлшек сауда айналымының жалпы көлемінде азық-түлік тауарларының үлесі – 27 %, азық-түлік емес тауарларының үлесі – 73%-құраған.
Бұл туралы облыстың баспасөз қызметі мәлімдейді.

Сонымен қатар, көтерме сауданың көлемі 69 млрд. 784 млн. теңгеге жеткен. Көтерме сауда тауар айналымының құрылымында 53,4 пайызды азық-түлік емес тауарлар және өндірістік-техникалық мәндегі өнімдер алады.

Сондай-ақ, 2018 жылы Түркістан облысының Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен өзара сауда айналымының көлемі – 235 млн. АҚШ долларын құраған. Оның ішінде экспорт – 179 млн. АҚШ доллары, импорт – 56 млн. АҚШ доллар.
uakit.kz