ДАБЫЛ ЧЕМОДАНЫ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Табиғи апат кезінде адамдар қауіпсіз жеге көшіріледі. Сол кезде адамдардың өзімен бірге алдын ала әзірленген дабыл чемоданын алып жүруі аса маңызды. Дабыл чемоданы дегінімз не?
Бұл сұраққа Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының офицері, аға лейтенант Амир Амангельдинов төмендегідей жауап береді,-деп хабарлайды uakit.kz.
Құтқарушылар келгенге дейін немесе жер сілкінісі, су тасқыны, өрт және тағы басқа сияқты төтенше жағдайдан қауіпсіз эвакуацияға дейін төтенше жағдайда өмір сүруге арналған заттардың негізгі жиынтығы дабыл чемоданы деп аталады.
Дұрыс жинақталған чемодан жақын жерде су, жылу, тамақ, шатырдың төбесі болмаған кезде төтенше жағдайларда адамдардың автономды өмір сүруін қамтамасыз ете алады. Дабыл чемоданын жеке жинау керек. Дабыл чемоданы жинақы және тым ауыр болмауы керек.
Дабыл чемоданының қажетті құрамы:
– тамақ дайындауға арналған сіріңкілер;
– жылытуға арналған шырақтар;
– жеке гигиена құралдары (сабын, тіс щеткасы, ұстара, дәретхана қағазы)
– жедел хабарламаларды тыңдау үшін радио функциясын қолдайтын ұялы телефоны
– қосалқы батареялары бар қараңғы бөлмеде жарықтандыру үшін қолшам;
– сынбайтын немесе бір рет қолданылатын ыдыстар;
– жөндеу жинағы (инелер, жіптер және бәкі)
– дәрі қобдишасының қажетті құрамы (парацетамол, йод,зеленка, танғыш, жабысқақ сылақ, мақта) (Дәрі қобдишасы әр адамға жеке жиналады);
– бір күндік тамақ (консервілер, кептірілген нан, шай ,қант , су (әр адамға кемінде 5 литр);
– қажетті құжаттардың көшірмелері және ақша;
– кішкентай көрпе;
– іш киім және шұлық.
Төтенше жағдай туындаған кезде 101 немесе 112 телефон нөміріне хабарласыңыз!