ОБЛЫС ХАЛҚЫНЫҢ 80,4% АУЫЛДЫҚ ЖЕРДЕ ӨМІР СҮРЕДІ
Былтыр Түркістан облысындағы халықтың саны 2017 жылмен салыстырғанда 3,5 мыңнан астам адамға артып, демография көрсеткіші өскен. Нәтижесінде 2018 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Түркістан облысы халқының саны
1 977 768 адамды құраған.
Бұл туралы облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық статистика департаментінің басшысы Айдар Әбілдабеков мәлімдейді, деп хабарлайды uakit.kz.
Облыстағы халықтардың 387 214-і яғни, 19,6% қалалық жерде, ал 1 590 554-і ауылдық жерде өмір сүреді. Бұл облыс халқының 80,4% құрайды.
Осы және өзге де деректерді алға тартқан департамент басшысы Түркістан облысы табиғи өсім бойынша республикада көш бастап тұрғанын айтты.
uakit.kz