ҚАЛАЛЫҚ СОТТА ТАРАПТАРДЫ ТАТУЛАСТЫРАТЫН ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

167
0

Шымкенттегі қалалық сот ғимаратында «Тұрғындарды қабылдау» орталығы ашылды. Өз кезегінде бұл екі тараптардың арасындағы даулы мәселелерді сотқа жеткізбей реттеуге септесін болмақ. Ол үшін орталықта судьялар мен медиаторлар жұмыс күндерінде азаматтарды қабылдайтын болады.

Дауларды сотқа жеткізбей шешудің баламалы түрі болып саналатын бұл орталықтың ашылу рәсіміне қала әкімі Ғ. Әбдірахымов пен қалалық соттың төрағасы Е. Рахымбеков қатысып, лентасын қиды.
Жаңа орталықта ашық қызмет көрсетуде тиісті жағдайлардың барлығы қарастырылған. Яғни, онда тараптардың өзін жайлы және психологиялық тұрғыдан еркін сезінуге мүмкіндік бар.
Жалпы Шымкентте сот жүйесінде медиация институтын дамытуда осы кезге дейін татуластыру кабинеттері, ардагерлер кеңесінің қолдауымен билер кеңесі де құрылған.
uakit.kz