САЯТШЫЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫНА СЕРПІН БЕРЕДІ
Қойнауы құтқа толы Түлкібас ауданы, Жабағылы ауылында «Салбурын мереке ғой саятшыға» атты саятшылар фестивалі ұйымдастырылды. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың бастамасымен өткізілген шараның мақсаты — түп-тамырымызға үңіліп, сана түкпіріндегі ұлттық рухты ояту. Сондай-ақ, ұлттық құндылықтар мен туризмді дамыту болып табылады.
Бұл туралы uakit.kz Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Елбасының Жарлығымен биыл жастар жылы болып жарияланған болатын. Соған орай «Салбурын мереке ғой саятшыға» атты шарада облыс пен шетелдің жастары да қатысты.
Өз кезегінде іс-шараны ұйымдастырушылар атадан балаға мирас болып келе жатқан бұл өнердің өрісін кеңейту мақсатында мұндай фестивальді алдағы уақытта республикалық, халықаралық деңгейге көтеруді жоспарлап, саятшылықты түркі тілдес мемлекеттердің ортақ бренді әрі дәстүрлі мерекесі етуді мақсат етіп отыр.
uakit.kz