САУДА ОРЫНДАРЫНДАҒЫ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Жуырда Түркістан қаласы  Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері сауда орындарындағы өрттердің алдын алу мақсатында үгіт насихат жұмыстарын жүргізді,-деп хабарлайды uakit.kz.

Осы мақсатта төтеншеліктер сауда орындарының басшыларымен бірлескен дөңгелек үстел өткізді.  Басқосу кезінде басқарма қызметкерлері кәсіпкерлерге  «Өрт қауіпсіздігін сақтау» талаптарын түгесіп түсіндірді.

Еліміздің «Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» заңында төмендегідей талаптар көрсетілген.

Сауда залдары мен эвакуациялау жолдарында жанғыш материалдарды, қалдықтарды, орамалар мен контейнерлердi уақытша сақтауға, сонымен қатар жанғыш ыдыстарды ғимарат терезелерiнің сыртқы және ішкі жағына жапсарлас орналастыруға болмайды.

Терезелері немесе түтiн шығарылатын шахтасы жоқ жайларда (бөлмелерде) жанғыш орамаларды жанғыш немесе жанбайтын тауарларды сақтауға болмайды. Жанғыш тауарлар мен жанғыш орамадағы тауарлар қоймалары сыртқы қабырғалардың жанында орналастырылады.

Өрт қауіпті тауарлы-материалдық құндылықтарды сәйкестік белгілеріне сай арнайы белгіленген жайларда сақтайды.

Қарулардың оқ-дәрілері және пиротехникалық бұйымдар басқа жайлардан өртке қарсы қалқалармен оқшауланған жайларда жанбайтын материалдардан жасалынған шкафтарда сақталады. Аталған шкафтарды жертөледегі үй-жайларда орналастыруға болмайды.

Сонымен қатар сатып алушылар жүрген сауда залдарында отты пайдалану арқылы жүргізілетін жұмыстарды жүргiзуге, сауда залдарында ауа шарларын толтыратын немесе басқа да мақсатта жанғыш газдары бар баллондарды орнатуға, баспалдақ торлары алаңдарында, тамбурлерде және басқа көшіру жолдарында сауда, ойын аппараттарын орналастыруға және тауарлар сатуға, көшіру жолдарында сауда, ойын аппараттарын және құрал-жабдықтарды орналастыруға және тауарлар сатуға, сауда ғимараттарына жатпайтын басқа мақсаттағы ғимараттарда тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды (дәрілік құралдарды, медициналық бұйымдарды, косметикалық және алкогольдік өнімдерді есепке алмағанда), жанғыш газдарды, оқ-дәрілерді, капсюлдерді, пиротехникалық және жарылыс қауіпті бұйымдарды орналастырғанда оларды сатуға тыйым салынған.

Базарларды ашық алаңдарда немесе ғимараттарда (құрылыстарда) орналастырғанда келесі өрт қауiпсiздiгi шаралары орындалады:

– ашық базарлардағы сауда қатарларының жабындылары жанбайтын материалдардан жасалады;

– сауда қатарлары арасындағы өтетін ашық жолдарды матамен, қағазбен, үлдiрмен және басқа жанғыш материалдармен жабуға болмайды.

Базарларды басқа мақсаттағы ғимараттар бөлігінде немесе оларға іргелес құрылыстарда орналастыруға жол берілмейді.      Басқа мақсаттағы ғимараттардың бөлігінде немесе оларға жапсарлас құрылыстарда базарлар орналастыруға болмайды.

Ғимараттар мен құрылыстарда орналастырылатын дүңгiршектер мен шағын дүкендер, павильондар жанбайтын материалдардан салынады. Жанғыш сұйықтықтарды, дезодоранттарды, сығылған газдарды сатуға арналған павильондар мен дүңгiршектер жеке тұрған немесе ұқсас тауарларды сататын дүңгiршектер тобында отқа төзiмдiлiгi I, II, IIIа дәрежелi етiп салынады.

Жұмыс уақытында тауарларды тиеу және ыдыстарды түсiру сатып алушылардың эвакуациялық шығу жолдарына қатысы жоқ жолдар арқылы жүзеге асырылады.

Әрқайсысының сыйымдылығы 1 литрден асатын шыны ыдыстарға құйылған тұрмыстық химиялық тауарларды, лактарды, бояуларды және жылдам тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды, сонымен қатар «От қауіпті», «Отқа жақын шашыратпа» сияқты ескерту жазбалары бар этикеткалары жоқ өрт қауiптi тауарларды сатуға болмайды.

Өрт қауіпті тауарларды бөлшектеп орау осы мақсатқа арнайы лайықталған жайларда жүзеге асырылады.

Маңызды ақпарат!     

Жанатын қалдықтарды жинау орындары дүңгiршектер мен павильондардан 15 метрден кем емес қашықтықта орналастырылады.