АБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША 3 МЫҢ ТҮП АҒАШ КӨШЕТІ ЕГІЛДІ

Шымкентте жасыл желектердің өңір климатына сай ету, жасыл белдеуін қалыптастыру мақсатында қала аумағында күзгі ағаш көшеттерін отырғызылуда, деп хабарлайды Uakit.kz.
Бүгін Шымкент қаласында жалпы қалалық сенбілік акциясы аясында ағаш көшеттері отырғызылды. Абай ауданы бойынша тазалық жұмыстары жүргізіліп, Шымкент-Ташкент тас жолының бойына 2,2 шақырымға биіктігі 150-170 см құрайтын 2 мыңнан аса терек көшеттері егілді.
Айтып өтейік, қазан айында Жаңа әуежай терминалына барар жолдың бойына 353 арша ағашы мен 82 қырым қарағайы және Нұршуақ шағын ауданындағы Әл-Фараби көшесіне 200 қарағай көшеттері егілген болатын.
Қазіргі уақытта тал егу жұмыстарымен қатар, көп қабатты тұрғын үй аулаларындағы қоқыс алаңшаларының айналасы да қоқыстардан тазартылды. Бұл жұмыстарға «Build Stroi» ЖШС 7 жүк тиегіш (погрузчик) техникасы мен 12 жүк көлігін жұмылдырды. Абай ауданында 258 аула мен 453 көп қабатты тұрғын үй орналасқан. Аталған үйлердің тұрғындарына арналып 112 қоқыс алаңшасымен 485 қоқыс контейнерлері бар.
Айта кету керек,  бүгін еліміздің үшінші мегаполисінде «Ағаш отырғызу – сауапты іс» атты тал егу акциясы өтті. Шымсая шатқалында өткен сенбілікке қалалық әкімдіктің басқармаларына, оларға қарасты мекемелер мен «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық өкілдігі мүшелері, этномәдени бірлестіктер жанындағы жастар қанаттарының өкілдері мен волонтерлар, «Жасыл ел» еңбек жасақтарының құрамына енгізілген этнос жастары – жалпы 300-ге жуық адам қатысты.
«Президенттің бастамасымен 2025 жылға дейін Шымкент қаласында жыл сайын 120 мың түп ағаш егілуі қажет. Әрі Шымсая шатқалын жандандыру да басты назарда тұр. Осы шатқалдағы 11 гектар жер «Жасыл белдеу» мекемесіне тиесілі. Жалпы биыл күзде осында 8 378 көшет егу жоспарланған. Бүгінгі сенбілік те соның аясында өткізілуде. Осы акция аясында 4 мыңға жуық терек отырғызылды. Көшеттің барлығы «Жасыл белдеу» мекемесінің тұқымбағынан жеткізілген», – дейді Шымкент қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының бөлім басшысы Нұрсұлтан Сейтжанов.