ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ПРЕЗИДЕНТТІК САЙЛАУҒА ТҮСЕДІ

214
0

Қасым-Жомарт Тоқаев «Nur Otan» партиясының атынан осы жылдың 9-маусымында өтетін ҚР-ның кезектен тыс президент сайлауына үміткер ретінде ұсынылды.

Бүгін Нұр-Сұлтанда өткен жетекші партияның XIX-съезінде Елбасы Нұрсұлтан Нақарбаевтың  осы ұсынысын саяси ұйым мүшелері бірауыздан қолдады. Партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Қасым-Жомарт Кемелұлының көп жылдық тәжірибесін тағы да таныстырып өтті.

Тұңғыш президент Н. Назарбаев  Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел дамуының ең күрделі кезеңінде Қазақстан үкіметін басқарғанын, 1998 жылғы Азиядағы қаржы дағдарысынан кейін ел экономикасын қалпына келтіруге зор еңбегі сіңгенін, бірқатар маңызды реформаны іске асыруға атсалысқанын айтты. Оның дипломатиялық тәжірибесі БҰҰ деңгейінде жоғары бағаланғанын да алға тартты.

Бұдан бөлек Елбасы еліміздің әлемдегі дамыған 30 мемлекеттің қатарына  енуде «Nur Otan» партиясының алдағы уақытта атқаратын жұмысының басым бағыттарын тілге тиек етті. Бұл ретте Елбасы Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы ретінде көп жылдық тәжірибесін елді дамытуға арнайтынын айтты.

uakit.kz