Әнес САРАЙ, жазушы: «ЖАС КҮНІҢДЕ ДЕНЕҢДІ ШИРАТЫП АЛМАСАҢ, ҚАРТАЙЫП ТА ЖАРЫТПАЙСЫҢ»

186
0

«Жап-жас жігіттерге қарап отырсам, отызға жетпей қам¬пиып қарындары шығады. Бұл бірін¬шіден, қамсыз, ойсыз, адамның тір¬лігі, екіншіден, бесіктен белі шық¬пай жатып машина мініп алады да, құдай берген екі аяғы жер иіс¬кемейді. Сұмдық қой бұл! Алла қол-аяқты не үшін бер¬ді. Адам деген құдай берген қол-ая¬ғының хақысын өтеуі керек емес пе?! Өтелмеген хବ¬¬қы қайтеді. Иесіне ауру-сырқау, пә¬ле-жала болып айналып келеді. Сон¬¬дықтан мен жастарға айтар едім, жас күніңде денеңді ширатып алма¬саң, қартайып та жарытпайсың. Жасың ұлғайғанда бойыңнан қуат ке¬тіп, дәрі-дәрмекке сүйеніп, у ішіп күн кешесің. Бұл не? Бұл жасыңда спорт¬пен айналыспағандықтың ке¬сірі, бойыңда кәрілікке қарсы қуат-им¬мунитет жоқ. Халқымыздың еже묬㳠түсінігінде балуан дегеніміз – ел¬дің қамқоры, халықтың намысы, өнер¬дің үлгісі делінді емес пе?!».
Жазушы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әнес Сарай «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында осылай дейді. Өз кезегінде журналист Бекен Қайратұлы әңгіме әлқиссасында оған «Сіздің қаламгерлік қадамыңыз жайлы қазақ қауымы жақсы таныс. Бірақ Сіздің жас кезіңізде спортпен айналысып әжептеуір нәтижеге жеткеніңізді былайғы жұрт біле бермейді. Сол себепті өзіңізді газет оқырмандарына осы қырыңыздан таныстырсақ деген ниет бар. Не айтасыз?» деп сұрақ қойып, тілге тиек етілер тақырыпты айқындап алады. Ары қарай сұхбат барысында Әнес аға 1956 жылы еркін күрес түрінен Атырау облысының чемпионы болғанын, кейіннен бокспен екі жыл шұғылданып, бокс спортынан бірінші разряд нормасын орындағанын, әскерде десант болғанын, одан алдын әскери училищеде оқып, ұшқыш-истребитель дайындайтын бөлімге келіп парашютпен секіруді және т.б қиын оқу жаттығуларын меңгергенін айтады. Және ол мұндай күрделі жаттығуларды тез әрі толық меңгеріп кетуіне бала күнгі тіршілік қамымен айналысқан дене шынықтыруларының көмегі көп тигенін алға тартады. Яғни, ол бала кезінде оның ауылының қыстауы мен жайлауының арасында үш үлкен өзен болғаны, әрбір өзеннің жалпақтығы 100 метрден кем еместігі, сол өзендерді бала кезінде бірінен соң бірін кесіп, қатар жүзіп өте беретінін, бастауышты бітіріп, орта класқа көшкенде 25 шақырым қашықтықта орналасқан мектебіне күн сайын конькимен барғанын, даланың жалпақ суларына көп жүзгендігін жеткізеді. Содан соң журналисттің «қазіргі балаларда сіздер сияқты тіршілік қамымен шынығу бар ма?» деген сұрағына жазушы Әнес Сарай жауабын жоғарыдай пікірмен жеткізеді.
uakit.kz