ҮШІНШІ МЕГАПОЛИСТІҢ МЕРГЕНДЕРІ ҮЗДІК АТАНДЫ

175
0

Шымкентте нысана көздеуден Қазақстан Спартакиадасы өз мәресіне жетті. Құралайды көзге атқан мергендер жарысында Шымкенттің спортшылары бәрінен озып, топ жарды.
Үздіктер қатарынан көрінген үшінші мегаполистің спортшылары қоржынға 41 медаль салды. Олардың 18-і алтын,13-і күміс, 10 қола жүлде.
Турнир кестесінің екінші орнына Алматы қаласының мақтаныштары тұрақтады. Олар қанжығаларына 12 алтын, 11 күміс, 8 қола медалін байлады. Үздік үштікті Нұр-Сұлтан қаласының ойыншылары түйіндеді. Елордадан келген команда екі алтын, бес күміс және жеті қола медальды еншіледі.
uakit.kz