Рашид АЮПОВ, Түркістан қаласының әкімі: «ҚОЛЫМ ҚАЛТ ЕТСЕ КІТАПХАНАҒА БАРАТЫНМЫН»

214
0

Жуырда ғана Түркістан қаласының әкімі болып тағайындалған Рашид Аюпов қалалық әйелдер кеңесі, облыстық іскер әйелдер қауымдастығының мүшелерін қабылдады. Жүздесуге  әр салада белсенді қызмет етіп жүрген қыз-келіншектер де шақыртылды.

Бұл туралы uakit.kz «Түркістан» қалалық қоғамдық-саяси апталығына сілтеме жасап жазады.  

Еркін форматта өткен кездесуде әйелдер қауымы қала басшысына жұмыс-жоспарларын таныстырып, ұсыныстарын жеткізеді.  Осы жиында қала әкімі Рашид Аюпов біраз балалар секілді таршылықтың тауқыметін көріп ер жеткенін, ата-анасына жәрдемін тигізу үшін жұмыс істегенін, бұл ол үшін оңай болмағанын айтқан. Еңбекке ерте араласқан ол кейде құдды бір  бар қызықтан қалып қойғандай күй кешкенін, сондай көңілтақсу кезінде оған анасы «Еңсеңді көтеріп жүр» деп жігерін жандырғанын да есіне ала келе,

– Жалпы өне бойыма күш-қайратты көп берген жан – анам болды. Сол кісінің бағыт-бағдарымен, мен қолым қалт етсе кітапханаға барып, кітап оқуды әдетке айналдырдым.  Сондықтан әрбір отбасында ананың орны бөлек. Бүгінгі жетістігімнің барлығына анамның арқасында қол жеткіздім. Сондықтан аналарды құрметтеу – пенделік парызым,-деп ағынан жарылды.

Қаладағы белсенді қыз-келіншектердің  алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

uakit.kz