Шымкенттің жүргізушілері жүгенсіз кеткен

432
0

Күнделікті қоғамдық көлікке отырған сайын Аллаға сиынып, Тәңіріге табынатын болып жүрміз. Өзге аймақтарды қайдам, Шымкенттің жүгенсіз кеткен жүргізушілері тиын-тебен үшін жаға жыртысып, бірін-бірі жұлып жеуге әзір. Көлікте отырған жолаушылар олар үшін тиеп алған бөренемен бірдей. Жолаушыларға таласып, қаланың қақ ортасында жарысатындарын қайтерсіз. Қауіпсіздік дегенді ұмытқан оларды жол сақшыларының тоқтатпайтындығына да таңымыз бар.

Күні кеше жолаушыларға таласқан №17 бағыттағы 2 қоғамдық көліктің  жүргізушілері жарысқандарымен қоймай, бір қауым елді қырып ала жаздады. Бірін бірі басып озбаққа әрекеттенген жүргізушілердің бірі рөлге ие бола алмай, жол жағасындағы ағашты барып ұрған. Абырой болғанда зардап шеккендер болмады. Әйтсе де, қатты қорыққан жолаушылар шектен шыққан жүргізушінің оспаддарсыз қылығына қарсы айқай-шу шығарып, жүгенсіз кеткен жүргізушіге шара қолдануды сұрап, тиісті органдарға шағымданды. Шымкентте бір бұл емес, қоғамдық көлік жүргізушілерінің көпшілігі халыққа сапалы қызмет көрсетуді емес, қарақан басының қамын күйтейтініндері анық.

“Уақыт” ақпарат