ТҰРҒЫНДАР КӨТЕРГЕН ТОЛҒАҚТЫ МӘСЕЛЕ ШЕШІМІН ТАБУДА

156
0

Шымкент қаласы Игілік тұрғын алабында жалпы саны 10 көшеге шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Uakit.kz.

Шымкент қаласы, Абай ауданы, Игілік тұрғын алабында 1 319 отбасы қоныстанған болса, бүгінде оның халық саны 8431 адамға жетіп отыр.

Былтырғы жылы атқарылған нәтижелі жұмыстардың арқасында Игілік тұрғын алабы сапалы ауызсуға толығымен қол жеткізіп, елді мекен тұрғындары таза ауызсуын тұтынуда. Биылмен санағанда табиғи газбен қамтылу көрсеткіші 100 пайызды құрап отыр. 694 үй мемлекеттік жүйеден электр қуатын алуда. Трансформатор жарығын қолданып отырған 625 үйді сапалы электрмен қамту мақсатында 2021 жылы құрылыс жұмысы аяқталған. Қазір абоненттеу жұмыстары 250 үйде аяқталып, қалған үйлерге де қосу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен бірге, Тұрғын алаптағы «Терешкова» көшесіне жарықшамдар орнатылуда. Жалпы 43 көшенің 11-і асфальт, 22-тас жол, қалғаны топырақ жолдар. 2021 жылы атауы жоқ №6 көшеге шағал тас төселді. Биылдан бастап атауы жоқ 32, 33, 34, 35, Жаңақұрылыс (Көксарай дүкен), Сіргелі 1, 2, 3, 4, 5, 6, Баба ата жалпы саны 10 көшеге шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілуде. Елдімекендердің инфрақұрылыммен қамту жұмыстары 2021-2025 жылдарға арналған жоспарға сай, реті және кезегімен жүргізілуде.

Айта кетейік, қаланың магистралды көшелері мен ішкі орам көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары 167 нысанда немесе 308 көшеге жүргізілуде. Биылғы жылы ірі нысандар бойынша Қонаев даңғылы 3 кезеңі, Қонаев-Рысқұлов жолайрығының құрылысын және Самал-1,2,3, шағын ауданындағы жол құрылыс жұмыстарды аяқтау жоспарланған. Сондай-ақ, құрылыс жолағына түсетін жер учаскелерін мемлекет мұқтаждығына қайтару бойынша мәселелер дер кезінде шешілсе, Шығыс және оңтүстік айналма жолының құрылысын аяқтау жоспарда бар. Қалған нысандар 2023 жылға өтпелі.
Қайта құру жұмыстарынан ағымдағы жылы А-2 II кезеңді аяқтау жоспарланған, 4 нысан 2023 жылға өтпелі.
Күрделі жөндеу бойынша 3 нысанды ағымдағы жылы аяқтау жоспарланған.
Орташа жөндеу жұмыстары бойынша жоспарланған 308 көшенің 232 көшесінде жұмыстар толығымен аяқталды. Оның ішінде магистральды 10 көше яғни Республика, Тұрар Рысқұлов, Ғани Ильяев, Жұмабек Тәшенов, Ақназар хан, Клара Цеткин, Жолан батыр, Мұхаммед Хайдар Дулати, Мангелдин, К.Тоқаев көшелері.