ТҮРКІСТАНДАҒЫ ЕКІ ҚАБАТТЫ ҮЙЛЕРДІ ГАЗҒА ҚОСУ КҮН ТӘРТІБІНДЕ
ТҮРКІСТАНДАҒЫ ЕКІ ҚАБАТТЫ ҮЙЛЕРДІ ГАЗҒА ҚОСУ КҮН ТӘРТІБІНДЕ
Түркістан қаласында 57 екі қабатты тұрғын үй бар. Бірақ ондағы пәтерлердің барлығы газға қосылмаған. Бірі электр пешін қолданса, келесі пәтер қатты отын жағып жылытылады. Тағы бір үй жылыну үшін пропан газ баллоны арқылы жанатын газ плиталарын жағып, қыстың қаһарынан қорғанып келді. Бұл тұрғын үйде өрттің болуы қаупін тудыратын факторлар. Осыған орай екі қабатты үйлердегі жылуға қатысты мәселені біржақты етіп, өрттің болу қаупін мейлінше азайту мақсатында үйлерді газға қосу жұмыстары қолға алынды.
Бұл туралы uakit.kz Түркістан қаласы «Газ инспекциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне сілтеме жасап хабарлайды.
Түркістан қаласы «Газ инспекциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қала аумағындағы екі қабатты тұрғын үйлердің бәрін толық газбен қамтамасыз ету үшін тиісті түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізіп келеді.
Өткен жылдың тамыз айынан бастап 2022 жылдың қыркүйек айлары аралығындағы көрсеткіш бойынша қаладағы 57 екі қабатты тұрғын үйлердің 23-і көгілдір отынға қол жеткізген. Қалған 34 тұрғын үй газды пайдаланбай отыр.
Қаладағы екі қабатты үйлердің көпшілігі дәлірегі 18-і Т. Бокин көшесінде орналасқан. «Шауғар» секторында да 18 үй бар. «Бекзат» мөлтек ауданында 11 үй бар болса, Балақаев көшесінде 8 тұрғын үй бар.
Қазіргі таңда Т. Бокин көшесіндегі тек үш үйді (№5-7-9) газ бар болғанмен әлі күнге дейін дербес шот алынбаған. Қалған үйлерді газбен қамту үшін тиісті құрылыс-монтаж жұмыстары жүруде. Ал Балақаев көшесіндегі 8 үйдің бәрі көгілдір отыннның игілігін көріп отыр. Төлеби көшесіндегі екі үй ағаштан жасалған болса, «Шауғардағы» алты үй өркениеттің игілігін көріп отыр.
Бұдан бөлек, қаладағы Пошанов, Әмір-Темір, С. Ерубаев пен Абылай хан көшелеріндегі екі қабатты тұрғын үйлер толық газға қосылған. Сондай-ақ Тәуке хан, Сырғақ батыр және Н. Төреқұлов көшесіндегі үйлерді газға қосу бойынша тиісті жұмыстар жүруде.
Ескерту: фото ғаламтордан алынды