БЫЛТЫР ТҮРКІСТАНДА БАЯНДЫ ІСТЕР КӨП БОЛДЫ

364
0

Бүгін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев 2019 жылдың қорытындысы бойынша халық  алдында есеп берді. Жиынға 700-ге жуық облыс тұрғындары келді. Кездесу барысында өткен жылғы жетістіктер мен 2020 жылы алға қойылған айқын жоспарлар айтылды.

Облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы:
– Түркістан облысы қайта құрылғалы бері аймақтың 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуында оң динамика қалыптасты. 2019 жылы облыс бюджеті 561 млрд.теңгеден, жыл соңына дейін 778 млрд.теңгеге жетіп, 217 млрд. теңгеге немесе 38%-ға өсті. Бірқатар салалар бойынша республикада көшбасшылар қатарынан көріндік. Жалпы, 2019 жыл өңір үшін жетістікке толы жыл болды,-деді.

Есеп беру жиыны Түркістан облысы әкімдігінің ресми сайты және Фейсбук (Facebook) парақшасы арқылы онлайн режимде көрсетілді.
Облыс әкімінің есеп беру жиыны Түркістан қаласындағы Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ-нің «Мәдениет» сарайында өткізілді. Жиын кезінде әкімге тікелей сұрақ қою алмаған тұрғындардың өтініш, шағымдары үшін аталған ғимараттың бірінші қабатында арнайы жәшіктер қойылды.  

Былтыр тұрғындар тарапынан облыс әкімдігіне жер, әлеуметтік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және т.б. салаларға қатысты жалпы 4 134 өтініш келіп түскен. Аталған мәселерді шешу үшін тиісті басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдеріне тапсырмалар берілген.
uakit.kz

Сурет: ашық дереккөз