НҰР-СҰЛТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІНЕ ОРАЙ ЖОСПАРЛАНҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТПЕЙДІ

194
0

Бұл әлемге тоқтаусыз таралып жатқан коронавирустан қорғану үшін жасалып отыр.

Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай елордада өткізілетін салтанатты шаралар мен мерекелік концерттер өткізілмейді. Мұндай шешімді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдаған.

Бұл туралы uakit.kz ҚР ПРезидентінің твиттер парақшасындағы жазбасына сілтеме жасап хабарлайды.

Өз жазбасында ҚР Президенті «Халықаралық әйелдер күніне орай Нұр-Сұлтан қаласында жоспарланған салтанатты жиын мен мерекелік концертті өткізбеу жөнінде шешім қабылдадым. Бұл әлемде коронавирустың таралуына байланысты қауіпсіздік шарасы үшін жасалып отыр. Ардақты аналар мен аруларға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін», — деп жазған.

uakit.kz