ЕЛІМІЗДЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДАР САНЫ 27 АДАМҒА ЖЕТТІ
Нұр-Сұлтанда коронавирус бойынша тағы 14 жаңа науқас тіркелді, деп хабарлайды uakit.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
«Бүгін сіздерге Алматы қаласында қосымша 3
коронавирус жағдайы тіркелгенін жеткіздік. Қазіргі уақытта қосымша Нұр-Сұлтанда
14 жаңа науқас тіркелді. Бұл науқастар тәртіп бойынша карантинге жатқызылып,
байланыс жасаған азаматтармен бірге жұмыс жасалды. Барлық байланыстағы адамдар
анықталуда», — деді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов онлайн форматта
өткен баспасөз мәслихатында.
Осылайша, қауіпті індетпен ауырғандар саны 27-ге жетті. Оның ішінде 16 жағдай — Нұр-Сұлтанда, 11 факті — Алматыда тіркелген.
Еске салсақ, бұған дейін коронавирус жұқтырғандар саны 13 адам болғанын хабарлаған болатынбыз.
Сондай-ақ, Қазақстанда төтенше жағдай жарияланып, азаматтардың 15 сәуірге дейін ел аумағынан шығуына тыйым салынды. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына үндеу жолдады.