ШЫМКЕНТТЕ КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

199
0

Кеше Шымкентте бір күнде 12 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Осыған орай, карантин режиміндегі қалада сақтық шаралары  тағы да күшейтілді.

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов мәлім етті.

Қала әкімінің орынбасары карантин шараларының күшейтілуі Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 18- сәуірдегі №11 «Карантиндік шараларды күшейту туралы» қаулысы негізінде жүзеге асатынын айтты.

Қаулыға сәйкес, Шымкент қаласының барлық аумағында ағымдағы жылдың 19- сәуірі сағат түнгі 00:00-ден бастап 1-мамыр сағат 07.00-ге дейін төмендегідей шектеулер енгізілді.

Атап айтсақ, айырбастау пункттерінің, микрофинанстық ұйымдардың қызметін онлайн жұмыс режиміне және «клиенттерге дейін жеткізу» принципі бойынша көшіру арқылы уақытша шектеледі.

Сонымен бірге, қалада қоғамдық көліктер де жұмысын тоқтатады.

Қоғамдық көліктер тоқтағанымен қалада арнайы тіркелген 11 такси компаниясы жұмысын жалғастыра береді. Бірақ олардың 2 адамнан артық жолаушы алуына болмайды. Тіркелмеген таксилерге рұқсат жоқ.

Жасы 65-тен асқан азаматтарға және 18 сегіз жасқа толмағандарға тұрғын үйден ересек адамның сүйемелдеуінсіз шығуына тыйым салынады.

Бұдан бөлек,  Шымкент қаласының Полиция департаментінің, Ішкі істер министрлігі Ұлттық гвардиясының, Қорғаныс министрлігінің әскери құрылымдарының күштерімен карантиндік аумақты патрульдеу тапсырылды.

uakit.kz