ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ: «МАҚТААРАЛҒА БАРЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ»

330
0

Өмірзақ Шөкеев Мақтаарал ауданындағы су басқан Жаңатұрмыс пен Жеңіс елді мекеніне барып, апаттан жапа шеккен үй іргелерін қарап шықты,-деп хабарлайды uakit.kz Түркістан облысы өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап.

Ең алдымен облыс басшысы Еңбекші ауылдық округі Жаңатұрмыс ауылында болды. Мұнда 47 тұрғын үйде 321 тұрғын мекендейді.
2-мамыр күні түнгі сағат 01:50-де аталған елді мекенде эвакуациялау іс-шаралары басталды.
Жалпы елді мекенде 1 мектеп,             1 медпункт, 1 мешіт орналасқан. Жаңа тұрмыс ауылында ірі қара мал саны — 2700, қой саны — 3000, жылқы — 150, тауық 450 болатын. Облыс басшысы аудан әкімі Б.Асановқа төтенше жағдайдан зақым келген әлеуметтік нысан мен жапа шеккен мал-мүлік санын анықтауды тапсырды.
Бұдан кейін өңір басшысы Жеңіс ауылына аялдап, ауылдың жағдайымен танысты. Бұл ауылда 280 тұрғын үйде 1922 адам күн кешкен.
Елді мекенде 1 мектеп, 2 балабақша, 1 медпункт, 1 мешіт,                         1 мәдениет үйі орналасқан. Қазіргі таңда аталған нысандардың ғимараттары зақымдалғаны анықталу үстінде. Бұл ауылда қазіргі таңда жайымдылық жердің 500 гектары, егістік алқаптың 50 гектары шамасында су басқан. Ауылда ірі қара мал саны — 350, қой саны — 270, түйе — 300, жылқы — 70, тауық -700 құрайтын еді.

Облыс әкімі ауданда апаттан зардап шеккен тиісті көмектің барлығы көрсетілетінін мәлімдеді.