ШЫМКЕНТ: АБАЙ АУДАНЫНДА КАРАНТИНДІК ТАЛАПТЫ БҰЗҒАН КӘСІПКЕРЛЕРГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ
Карантин режимі кезіндегі талаптардың сақталуын қадағалау мақсатында құрылған монитоингтік топ Шымкентте тексеру жұмыстарын үздіксіз жалғастыруда.
Әдеттегідей, мобильді топ мүшелері бүгін індеттен сақтану бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кезекті мониторингтік тексеріс Абай ауданына қарасты А.Асқаров көшесі бойындағы кәсіпкерлік нысандарда жалғасты. Оған аудан әкімдігінің қызметкерлері және аудандық полиция кызметі, сондай-ақ аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер қауіпсіздігін бақылау басқармасы өкілдері БАҚ өкілдерімен бірлесіп тексері жұмыстарын жүргізді.
Нәтижесінде 29 нысанға ескерту беріліп, 7 айыппұл хаттамасы толтырылды, 1 компьютерлік клуб жабылды.
Атап өту қажет, Абай ауданында 426 дүкен, 152 қоғамдық тамақтану және 13 ірі сауда орны бар. Алдағы уақытта бұл 13 сауда орнының сатушылары төлем картаға өтеді.
Қазіргі таңда аталған ауданда арнайы төрт мобильдік топ жұмыс істеуде. Сондай-ақ, аудан аумағында дезинфекциялық шаралар жүргізілуде.
Ескертетін жайт, егер санитарлық нормаларды сақталынбай, карантин заңдылықтары бұзылса, 30 АЕК айыппұл салынады. Одан бөлек, хаттама сот ісіне де өтеді.
Еске сала кетсек, тексеру жұмыстары аудан аумағында күн сайын жүргізілетін болады.