ЭВАКУАЦИЯЛЫҚ ЖОЛДАР МЕН ШЫҒУ ЖОЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТӘРТІБІ

Эвакуациялық жолдар мен шығу жолдарын пайдалану кезінде келесідей тәртіп сақталуы тиіс.

Эвакуациялық жолдар мен шығулардың (оның ішінде өтетін жерлердің, дәліздердің, тамбурлардың, галереялардың, лифт холдарының, баспалдақ алаңдарының, баспалдақ сатыларының, есіктердің, эвакуациялық люктердің) жобалық өлшемдерін кішірейтетін кедергілер орнатуға, сондай-ақ эвакуациялық шығу есіктерін бекітіп тастауға (дәнекерлеуге);

Эвакуациялау жолдарында табалдырықтарды (есіктердің ойықтарындағы табалдырықтардан басқа) орнатуға, ішкі жағынан қолмен ашу және ашық күйінде бұғаттау мүмкіндігі жоқ қозғалмалы және көтеріліп-түсірілетін есіктер мен қақпаларды, айналатын есіктер мен турникеттерді, сондай-ақ басқа (қайталайтын) эвакуациялау жолдары болмаған кезде немесе көрсетілген құрылғыларды қолмен ашуға және ашық күйінде бұғаттауға мүмкіндік беретін техникалық шешімдер болмаған кезде адамдарды еркін эвакуациялауға кедергі келтіретін басқа да құрылғыларды орнатуға жол берілмейді. Құрылғыларды автоматты немесе қашықтықтан ашу және бұғаттау тәсілін қолмен басқарылатын тәсілге қосымша қолдануға жол беріледі;

Отқа төзімділігі V дәрежедегі ғимараттардан басқа, эвакуациялау жолдарындағы едендерді, қабырғалар мен төбелерді өңдеу, қаптау және бояу үшін өрт қауіптілігі сыныбына сәйкес келмейтін жанғыш материалдарды қолдануға;

Баспалдақ алаңдарының, дәліздердің, холдар мен тамбурлардың өздігінен жабылатын есіктерін ашық күйінде бекітуге, сондай-ақ оларды алып тастауға;

Түтінденбейтін баспалдақ алаңдарындағы ауа аймақтарының терезе жапқыштарын шынылауға немесе жабуға;

Есіктер мен фрамугаларды шынылауда армирленген шыныны жай шынымен ауыстыруға жол берілмейді.

Үй-жайдың жабдығын орналастырған кезде сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес баспалдақ алаңдарына және эвакуациялау жолдарына өтетін эвакуациялық өту жолдары қамтамасыз етіледі.

Адамдар жаппай келетін үй-жайларда кілемдер, кілем төсемшелері және еден жабындары еденге берік бекітіледі.

Тұрмыстық газ аспаптарын пайдалану кезінде жиһазды және жанғыш материалдарды орналастыру жақын жердегі вертикаль қабатқа дейін көлденеңінен кемінде 0,2 м және осы бұйымдарға жақын жерде ілінген көлденең қабаттың үстіне дейін тігінен кемінде 0,7 м қашықтықта жүзеге асырылады.

Ғимараттар мен құрылыстардағы қоқыс өткізгіштер жобада көзделген клапандармен қамтамасыз етіледі, клапандар жабық күйде болады, жарамды етіп күтіп-ұсталады және ысырмасында нығыздағышпен қамтамасыз етіледі.

Ғимараттар мен жерүсті құрылыстарындағы лифтілер мен көтергіштер (өрт лифтілерін қоспағанда) өрт шыққан кезде негізгі отырғызу қабатына автоматты түрде түсіріледі, ал жерасты құрылыстарында – негізгі эвакуациялық шығу жолдарындағы қабатқа жоғары көтеріледі және тоқтан ажыратылады.

Эскалаторлардың (траволаторлардың) жетектері өрт шыққан кезде автоматты түрде ажыратылады.

Ғимараттар мен құрылыстар, сондай-ақ сыртқы технологиялық қондырғылар жобада көзделген найзағайдан қорғаудың жарамды құрылғыларымен жабдықталады.