«МЕТАЛЛУРГ» ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРАШАДА АЯҚТАЛАДЫ

«МЕТАЛЛУРГ» ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРАШАДА АЯҚТАЛАДЫ

Шымкенттегі «Металлург» стадионын қайта қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүруде. Ауқымды жұмыс «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында өткен жылдың наурыз айында қолға алынған. Бұл мақсатта бюджеттен 3 млрд. 19 млн теңге бөлінген.

Мердігер мекеме «ЮгСтройСервис-Н» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып танылған. Қазіргі таңда серіктестік құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша негізгі құрылыс жұмыстарын жүргізіп келеді. Барлығы 60 жұмысшы, 5 техника жұмылдырылған нысанның құрылысы осы жылдың қарашасында аяқталады.
Айта кетейік, бұл спорт кешені өткен ғасырдың 70-жылдарында салынған. Нысан бұған дейін қорғасын зауытының балансында болған. Уақыт өте келе кешенді бабында ұстау жағдайы тұралады. Осыған байланысты оның ахуалы жыларман халге түсті. Зауыт басшылығы нысанды күтіп ұстауға қауқарсыз болғандықтан кешен 2015 жылы саудаға шығарылды. 2017 жылы нысанды Шымкент қаласы әкімдігі 156 миллион 700 мың теңгеге сатып алған.